Бүгін Казталов ауданына арнайы келген Хадиша Бөкееваның сіңлісі Валима Бөкеева аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, аудан тарихы және жәдігерлермен танысты.
Музейдегі Хадиша Бөкееваға арналған бұрышқа көз салған Валима Ешмұханқызы өнер иесі хақында естеліктерімен бөлісіп, отбасы мен шығармашылығы туралы сыр шертті.
Шара барысында «Өзгелерді дарынымен тамсандырған» атты бейнефильм көрсетіліп, Хадиша Бөкееваны бір минут үнсіздікпен еске алды.
Театр падишасының көзін көрген ауылдың үлкендерімен тілдесіп, Хадиша Бөкееваның жеке кітапханасындағы таңдамалы шығармалар кітабын және фотосуреттерді мұражайға тапсырды.
Туған жер перзентіне аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова ризашылығын білдіріп, иығына ақ орамал жауып, камзол кигізсе, аудандық орталық кітапхана директоры Гүлдана Хамитқызы өз қолымен жасаған сөмкені тарту етті.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы