16.05.2018, 10:09
Оқылды: 70

Қазталовтағы Үлкен өзен үстінен көпір салынды

IMG_8324Қазталов ауданы Қайыңды ауылы жанындағы Үлкен өзен арқылы өтетін жаңадан салынған қалқымалы көпірдің ашылу салтанаты болды.

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков жиналған жұртшылықты жаңадан пайдалануға берілген көпірдің халық игілігіне айналуын айта келіп, Болашақ және Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарының қуанышы ғана емес, бүкіл ауданымыздың қуанышы болып отыр. Өйткені бұл көпір ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына да өзіндік тигізер үлесін тигізетін болады. Оның себебі аудан тұрғындары осы жол және көпір арқылы көршілес Тасқала ауданы, әрі қарай облыс орталығына да қатынай алады. Міне, осындай жасалып жатқан жұмыстар Елбасымыздың ауыл халқының әлеуметтік тұрмысының жақсаруы үшін жүргізілген саясатының жемісі деуге болады. Сондықтан сіздерді және барлық аудан тұрғындарын осы бір қуанышты жаңалықпен құттықтап, әрі қарай жетер биігіміз көп болсын!-деді.

Ашылу салтанатында сөз алған еңбек ардагерлері Мұнайдар Карин, Есмағұл Мусин: -Өткен жылы осы көпір мәселесін облыс және аудан басшыларының алдарына қойып едік. Сол кезде басшылар жаңадан  көпір салынады деген болатын. Міне, бүгін сол уәде орындалды. Сондықтан Абат Абайұлы сізге рахмет айта отырып, біздің ризашылығымызды облыс әкімдігіне жеткізесіз деп санаймыз. Көпірдің салынуы - аудан орталығымен  қатынасты 70 шақырымға қысқартып отыр. Бұл халық үшін тиімді. Еліміз көркейіп, өсе берсін,-деген тілектерін білдіріп, бата берді. Сонымен қатар салтанатты жиында сөз алған «Орал жөндеу компаниясы» ЖШС-ның бөлім басшысы Хамидолла Дәулетов көпірдің халық игілігіне ұзағынан жарай берсін, -деген лебізін жеткізді.

Бұл қалқымалы көпірді Владимир Самсонов жетекшілік ететін «Орал жөндеу компаниясы» ЖШС 52 млн. 700 мың теңгеге  салған. Ұзындығы 42 метр, ені 6 метр, жүк көтеруі 20 тоннаға дейін жететін көпір құрылысы сапалы салынған.

 

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале