Қазталовта аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 40 жұмыс беруші 97 бос жұмыс орнын ұсынды.
Бос орындар негізінен әлеуметтік, денсаулық, білім, ауыл шаруашылық, мәдениет салалары және жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында. Жәрмеңкеге қатысқан 122 жұмыссыз жанның 37-сі әртүрлі мамандықтар бойынша жұмыс тапты.
Былтыр ауданда 211 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 132 адам уақытша жұмыспен қамтылған болатын.
Күні бүгінге аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 929 адам жұмыс сұрап жолықса, соның 490-ы әртүрлі бос орындарға, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасына орналастырылды.
Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде 22 адам 92 млн. 200 мың теңге несиеге қол жеткізсе, 123 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойыша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды.
Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz