Ресейден қуанышты жаңалық жетті. Казталов ауданының атын асқақтатып жүрген Әділбек Ерболатов еркін күрестен «Дети Азии» VIII Халықаралық спорттық ойындарға қатысып, қарсыластарының бәрін жығып, 75 келі салмақта чемпион атанды.
Бұл Халықаралық спорттық ойындар Ресейдің Якутия қаласында 28 маусым – 2 шілде аралығында өтуде. Жалпы Қазақстан қоржынында 4 қола, 1 күміс, 1 алтын медаль бар.
Еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер жас балуан спорт саласында алғашқы ұстазы Мейрам Гиляжевтен тәлім алса, бүгінде Алматы қаласындағы мектеп-интернатта Роллан Кешубаев, Жеңіс Даутов, Марат Байтемір секілді тәжірибелі жаттықтырушылардың талапты шәкірті атанып жүр.
Әділбекті қолдауға және жанкүйер болуға Якутия қаласына алғашқы ұстазы Мейрам Ғиляжев те барған болатын.
Бұға дейін жас балуанымыз 75 келі салмақта еркін күрестен Қазақстан Республикамының чемпионы атанса, ендігі кезекте Тайланд елінде өтетін еркін күрестен Азия чемпионатында да ел намысы қорғамақ.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы