26.06.2024, 17:30
Оқылды: 228

Казталовтық Әділбек Ерболатов Азия чемпионатында ел намысын қорғайды

Казталов ауданы орталығындағы аудандық орталық балалар және спорт мектебінде тәлім алып, республикалық, облыстық спорт мектептеріне қанат қаққан оқушылар қатарында Әділбек Ерболатовтың есімі ерекше аталады.

мимимимимимим

Әділбек бала күнінен аудандық спорт мектебіндегі еркін күрес секциясына қатысып, білікті жаттықтырушы Мейрам Ғиляжевтен әлемдік күрестің қыр-сырын үйренді. Нәтижесі де жаман болған жоқ. Аудандық спорт мектебі қабырғасында жүріп талай мәрте облыстық, халықаралық, республикалық турнирлерде жеңімпаз атанды.

Аудандық балалар спорт мектебін тәмамдаған Әділбек арман қуып Алматы қаласындағы Олимпиада резервінің «Шаңырақ» републикалық мамандандырылған спорт-интернатына түсіп, оқуын жалғастырды. Алатау бөктеріндегі арнайы интернатта оқып жүрген Әділбектің жетістіктері де ширақ болды.

Тынбай жаттығу мен еңбектенудің арқасында жерлесіміз 75 келі салмақта еркін күрестен былтырғы жылы Батыс Қазақстан облысы құрамасы атынан Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері, биылғы жылы Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Аудан атын асқақтатып жүрген Әділбектің алдағы өмірінен жаттықтырушылары да, жерлестер де көп үміт күтеді. Қазіргі күнде Әділбек Русланұлы «Дети Азии» VIII Халықаралық спорттық ойындарға қатысуға дайындалып жатыр.

Бұл Халықаралық спорттық ойындар Ресейдің Якутия қаласында 28 маусым — 2 шілде аралығында өтеді. Бұдан кейін жас балуанымыз Тайланд елінде өтетін еркін күрестен Азия чемпионатында да ел намысы қорғамақ.

567B50C9-10DE-4200-AF92-A34B6F450E01

Еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер жас балуан спорт саласында алғашқы ұстазы Мейрам Гиляжевтен тәлім алса,  бүгінде Алматы қаласындағы мектеп-интернатта Роллан Кешубаев, Жеңіс Даутов, Марат Байтемір секілді тәжірибелі жаттықтырушылардың талапты шәкірті атанып жүр.

«Болам деген баланың, бетін қақпа, белін бу» демекші, жерлес спортшымыздың аталмыш жарыста бақ сынауы үшін Казталов аудандық орталық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Руслан Шәріпқалиев, спорт жанашыры Айбынбек Абитовтер қаржылай қолдау көрсетіп, жомарттық танытып жүр.

Алтыннан алқа тағып, аудан атын асқақтатқан жас спортшымыздың алар асулары көп болып, ел намысын қорғайтын әлемдік жарыстарда жарқырап көрінуіне тілекшіміз!

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале