30.11.2024, 14:30
Оқылды: 9

Казталовтық ақсақалды туған күнімен құттықтады

Уахит Ищанов саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған, шәкірттері мен ауылдастарына сыйлы жан. Бейнетті еңбектің зейнетін көргенге дейін Алма Оразбаева атындағы қасиетті білім ордасында ұстаз, кейін ұзақ жыл мектепті басқарды. Бүгінде зейнетке шығып, ұрпақтарының ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатқан ақсақал 85 жасқа толды.

IMG-20241130-WA0003

Мерейлі жасқа толған ардагер ұстазды Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, аудандық ардагерлер кеңесіннің төрағасы Жүсіп Шакуов, Казталов округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқанғали Бектілеуов, аудандық аналар кеңесіннің төрайымы Күнсұлу Шаканаева құтықтап, үйіне кіріп шықты.

Арнайы келіп, құттықтаған елдің азаматары ақсақалға жылы лебіздерін білдіріп, алғысхат пен естелік сыйлық табыстады. Қонақтарға риза болған ақсақал алғысқа толы батасын жаудырды.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале