27.05.2024, 20:00
Оқылды: 207

Казталовтық ардагер ұстаз мерейлі жасқа толды 

Бүгін Казталов ауданының білім саласына өз үлесін қосып, шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері Гүлжиян Гарифқызы Исмағұлованың туған күні. Шәкірттер жүрегіне білім нәрін сепкен аяулы жан мерейлі 70 жасқа толды.

IMG-20240527-WA0039

Ардақты ұстазды Казталов округінің әкімі Ернар Ғалымов пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шаканаева барып құттықтап, алғысхат пен гүл шоғын табыс етті.

Гүлжиян Гарифқызы зейнетке шықса да әркез қоғамға ортақ шаралар мен жұмыстардың бел ортасында жүреді.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале