4.12.2024, 0:00
Оқылды: 13

Казталовтық Дулат Рахматуллин игі ісімен зейнеркерлерді қуантты

Казталов ауылында аудандық мәслихат депутаттары Дулат Рахматуллин мен Абылайхан Шакуов ауыл халқының нағыз қалаулысы екенін дәлелдеп жүрген азаматтар. Аудан орталығында кәсіп ашып, ел игілігі үшін қызмет көрсетіп жүрген жас жігіттер қайырымдылық жасаудан еш тайынған емес. Қай кезде де қолдарынан келген көмектерін аямай, қоғамымыздың осал топтарына көмектесіп жүргеніне куәміз.

IMG-20241203-WA0045
Соның тағы бір айғағындай, бүгін Дулат бауырымыз өз қаражатына Казталов ауылына 40 бума шөп әкеліп, 5 зейнеткер отбасына түсіріп берді. Дулаттың осы бір игі ісі мал ұстап, жанын бағып отырған зейнеткерлерге үлкен қолдау болғаны анық.

IMG-20241203-WA0042
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дегендей, Дулаттай азамат ауылға келіп, туған жеріне қазығын мықтап тұрып қақты. Осыдан біраз жыл бұрын қаладан ауылға ат басын бұрып, аудан орталығынан «Әулет» атты сауда дүкенін ашқан болатын. Бүгінде жан-жары Гүлзар екеуі кәсібін өрлетіп, әке-ананың қара шаңырағының түтінін түзу ұшырып, әркез қайырымдылық жасап, халықтың алғысына бөленіп жүр.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале