13.11.2025, 12:30
Оқылды: 170

Казталовтық дзюдошы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы

Талай мәрте түрлі деңгейдегі жарыстарда ауданымыз бен облыс намысын қорғап, тұрақты түрде жүлделі орындардан көрініп жүрген жалпақталдық палуан Аңсарбек Ғайнуллин – Семей қаласында өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз танылып, алтын жүлдеге ие болды.

FB_IMG_1762973030206

Барлық қарсыластарынан басым түскен Аңсарбек финалдық белдесуде жергілікті Абай облысының спортшысымен кездесіп, сенімді жеңіске қол жеткізді.
Қазақстан Республикасының чемпионы атанған жерлес спортшымыз Аңсарбек пен оның білікті бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Жампоз палуанымызға алда өтетін басқа да түрлі жарыстарда толайым табыс тілейміз!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале