Казталовтық кәсіпкер, «Муслим» ШҚ-ның басшысы Махамбет Тайғарин аудандық №1 ауруханаға «Баброва» аппаратын сыйға тартты.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасымен карантиндік режім кезең-кезеңмен жеңілдетілуде. Дегенмен соңғы уақытта пневмония мен коронавирус дертіне шалдыққан науқастар санының артып келе жатқандығы еліміздің бірқатар аймақтарында карантиндік талаптарды қатаң сақтауға, халық көп шоғырланатын аумақтарды бақылауға алуға итермелеп отыр. Осындай аласапыран шақта ауыл медицинасына ел азаматтарының қол ұшын созуы ерлікке пара-пар іс десек, артық айтқандық емес.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz