Казталов ауылында тасқын судың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бірлігі бекем казталовтық ағайындар бір адамдай қимылдап, аянбай еңбектеніп жатыр.
Ынтымақтық танытқан ауылдастарды қолдаған «Әулет» дүкенінің иелері Дулат пен Гүлзарды атап айтуға болады. Гүлзар ханым демеуші болып, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Уәлиқызымен бірге жұмыс жасап жатқан азаматтарға ыссылай бәліш пен кофе, шәй тегін үлестірді.
Таңнан-кешке дейін ауылды тасқын судан сақтап қалуға өз күштерін жұмсап жатқан ауылдастар ыссы шәй, кофе ішіп, жылынып, кәсіпкерге алғыстарын жаудырды.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы