Елімізде пандемия тарап, экономикалық қиындықтар туындап жатқан кезде кейбір кәсіпкерлер халық басына туған нәубетпен күресуде ынтымақтық танытып, шамалары келгенше қолдау көрсетіп жатыр.
"Алға" шаруа қожалығының жетекшісі Айсұлтан Сағынғали да Казталов ауылының тұрғындарына көмектесті. Аудандағы іргелі шаруашылықты басқарып отырған жас жігіт ірі қара мал сойып, етін аз қамтылған 30 отбасыға таратты.
Айсұлтан Сағынғали: - Бүгінде елдегі орын алған жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Үкімет тарапынан орта және шағын бизнеске үлкен қолдау болып, соның арқасында кәсіпкерлердің жағдайы жасалды, ел экономикасы дамыды. Ендігі кезекте біз, кәсіпкерлер бар көмегімізді аямауымыз қажет. Осы бастаманы қолдап жатқан барша ауыл азаматтарына алғыс айтамын!
Айсұлтандай жігерлі жастың бұл қайырымдылық бастамасын аудандағы барша кәсіпкерлер қолдайды деп сенеміз.
Қайрат Жақып
Казталов ауданы
zhaikpress.kz