БҚО орталығындағы «Атамекен» концерт залында Энергетиктер күніне арналған салтанатты шарада «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Казталов ауданының Казталов, Жалпақтал электр торабының қос басшысы Дамир Сәрсембиев пен Бауыржан Бердалиев мемлекеттік наградамен марапатталып, кеуделеріне «Ерен еңбегі үшін» медалін тақты.
Кәсіби мерекеге орай өткен аталмыш шарада награда облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қолымен табыс етілді.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы