16.03.2018, 12:14
Оқылды: 57

Қазталовтық саудагерлер дүкен сөрелерінен ішімдікті алып тастауда

IMG_7401Аудан әкімі Абат Шыныбековтің бастамасы осылайша қолдау табуда.

Осы бағытта аудандық ардагерлер және аналар кеңестері, «Қазталов жастар кеңесі» жастар қоғамдық бірлестігі, аудандық жастар ресурстық орталықтары «Наурыз мейрамы ішімдіксіз өтсін» акциясын ұйымдастырды.

Акция барысында аудан жастары мен қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған топ аудан орталығындағы дүкендерінде болды. Дүкен қожайындарымен және тауар сатып алушылармен Ұлыстың Ұлы күнін ішімдіксіз өткізу туралы ашық әңгімелер айтылды.

Жаны да, қаны да таза халқымыз ішімдікті пайдалануды әдетке айналдырмаған. IMG_7409Керісінше, ұрпақтарына адамдықтан аздыратын әдеттен аулақ болуға тәрбиелеген. Міне, осындай ұлттық құндылықтарымызды насихаттаған акция кезінде дүкен қожайындары Наурыз мейрамы кезінде ішімдік сатпауды мақсат етіп отырғандарын жеткізді. Соның бір айғағындай «Сымбат», «Береке» дүкен иелері Маншүк Балдахова мен Қалампыр Жайынова қазірдің өзінде ішімдіктерді саттыққа шығармайтындарын айта келіп, болашақта дүкен сөрелерінде осы бір ғасыр кеселінің болмағанын қалайтындарын да айтты.

Міне, шалғайда жатқан, қазақи қаймағы бұзылмаған Қазталов ауданында осындай өміршең дәстүр Ұлыстың Ұлы күнінде бастау алды. Осы бастама ауданның барлық округтерінде де жалғасын табатын болады.

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале