30.01.2025, 12:15
Оқылды: 186

Казталовта өткен жиында ауданға ортақ мәселелерді талқылады

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Әкімдіктің күн тәртібінде мал қыстағының өту барысы, жиналған мал азығының қоры, мал ұрлығының алдын алу, қоғамдық тәртіп, нысандардың және көше бейнебақылау камераларының жай-күйі, 2024 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудағы негізгі индикаторлардың орындалуының қорытынды нәтижесі қаралды.

image-30-01-25-12-07-3 (1)

Жиында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылғы бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Марс Белгібаев, қосымша хабарламашы Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова күн тәртібіне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

image-30-01-25-12-07-1

image-30-01-25-12-07

Жиында мал санағын бақылауға алу жұмыстары, инвестиция тарту, мал ұрлығының алдын алу сынды мәселері талқыланды. Аудан басшысы Асланбек Ахметоллаұлы күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды атқаруға бөлім, мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

 

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале