1.05.2025, 21:00
Оқылды: 380

Казталовтық тұрғындарға мерекелік концерт ұсынылды

Жалпақтал ауылдық Мәдениет үйінде «Ынтымақтан ырыс тапқан бекем ел» атты Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мерекелік концерті өтті.

IMG_6430

Тәуелсіз Қазақстан елі - көп ұлттың ұлыстары тату-тәтті мекен еткен байтақ ел. Олар достық пен татулықтың арқасында бақытты ғұмыр кешуде. Өзге елдер қызыға қарайтын достық қарым-қатынас ынтымақ пен бірліктің жарқын жемісі. 1 мамыр мерекесін ауылымыздағы әрбір ұлт өкілдері өздерінің ең қуанышты мейрамы деп есептейді. Жерлестерін осынау ұлық мерекемен қызу құттықтаған Жалпақтал аулдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков ауыл тұрғындарына татулыққа толы мамыражай ғұмыр тіледі.
Концерт барысында Мәдениет үйінің өнерпаздары береке бастауы бірлік екенін көрермендерге ұғындырып, оларға ән-биге толы тамаша кеш сыйлады.
Ынтымақ, бірлік мерекесі құтты болсын, ауылдастар!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

IMG_6452 IMG_6449 IMG_6409

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале