Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бейбіт өмір сыйлауға атсалысып, тылда еңбек еткен қарияларымызға құрмет көрсетілді. Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына сәйкес Казталов ауданының бірқатар ардагерлері мен тыл еңбеккерлері мерекелік медальдармен наградталды.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев тыл ардагерлері Жания Аронова, Рабиға Құрманалиеваның шаңырағында болып, Президенттің Жарлығымен бекітілген наградалар мен гүл шоқтарын табыс етті.
Мейірім Парасат
Казталов ауданы