3.09.2024, 20:00
Оқылды: 121

Казталовтық зейнеткерлер қаза болған әріптестерінің балаларына көмек көрсетті

Жуырда Казталов ауданынында қайғылы жағдай орын алып, жол апатынан атпалдай азаматтар көз жұмды. Артында шырылдаған балалары жетім қалды. Бұл орны толмас қаза. Жол апатынан көз жұмғандар қатарында тәртіп сақшысы Мәрлен Қарабаев пен жұбайы Айнагүл де бар еді...

ақша-теңге

Фото: сайт архивінен

Еліне сыйлы, әріптестері алдында беделді болған Мәрлендей азаматтың тамырын тереңге жайған бес баласы бар. Енді ғана жаңа оқу жылына дайындалып жүрген бүлдіршіндер ата-анасынан айырылып отыр.

Әркез елге қамқор болған Казталов аудандық полиция бөлімінің зейнеткерлері Мәрлен Сахметұлының артында қалған балаларына көмек қолын созып, 230 000 теңге қаражат жинаған еді. Ардагерлер жиналған қаражатты «Мектепке жол» акциясы аясында әріптестің балаларына табыстады.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале