9.10.2022, 12:56
Оқылды: 25

Казталовтық жастар экоакцияны қолдады

8 қазан күні Казталов ауданы жастары «Табиғатта қоқыс жоқ!» жалпыұлттық экоакциясын қолдап, Сарыөзен бойында жағалауды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Айбын» спорт клубы және Казталов мектеп-лицейінің ерікті жастарының бастамасымен, жалпыұлттық экоакцияны қолдау іс-шарасы барысында өзен жағалауы түрлі тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Жастар бұл игі істері арқылы замандастарына үлгі көрсетіп, адамзатты табиғатты аялауға шақыратындығын жеткізді.

13

- Президентіміздің бұл игі бастамасы халықты табиғатты аялауға, қорғауға үндейді. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтатын тілі жоқ» дегендей біз жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеуіміз керек.

жас

Халқымызда экологиялық түсінік қалыптасса, қоқыстар арнайы қоқыс жәшіктеріне салынып, өзен жағалауында демалған жандар демалыс орындарын реттеп жүрсе табиғат ластанбас еді. Біз барша аудан тұрғындарын акцияға үн қосып, табиғатты қорғауға шақырамыз, - деді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале