31.01.2025, 15:30
Оқылды: 257

Казталовтықтар ел ағасына құрмет көрсетті

 

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов ауданымыздың “Құрметті азаматы”, еңбек ардагері Уәлиолла Әбішевті қабылдады. Қабылдауда  қоғам жанашырын мерейлі 75 жасымен арнайы құттықтап, алғысхат табыстады. 

image-31-01-25-01-54-2

-Сан салада абыройлы қызмет еткен сіздей ағамыздың ел үшін атқарған еңбегі ерен. Өткен жылдары Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, қаза тапқан ардагерлеріміздің тізімдерін жинақтап, кітап етіп жарыққа шығардыңыз. Осындай ауқымды жұмыстардың басы-қасында жүріп, елі үшін игілікті іс атқарып жатырған ардагерлеріміздің бірісіз. Әрине, бұның бәрі де ұрпақ тәрбиесі үшін, елдің ертеңі үшін керек. Қоғамға ашық айта алатын азаматтық ұстанымыңыз бен жеке ой пікіріңіз бар.  Сол себептен де еліміздің ертеңін ойлап, қоғаммен қатар елге қызмет қылып жүрген санаулы ардагерлеріміздің бірегейісіз. Білім, тәрбие, спорт жағынан да бүгінгі ұрпаққа үлгісіз. Аман жүріңіз! - деді аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы.

image-31-01-25-01-54-1

Иә, қоғам жанашыры Уәлиолла ағамыз ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, ауылшаруашылық саласының кеңінен қанат жаюына үлес қосқан жан екенін баршамыз жақсы білеміз.

image-31-01-25-01-54

 

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале