Ата-бабаларымыз «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деп бекер айтпаса керек.
«Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында көшет егу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бүгін Республика күні қарсаңында туған елімізді, жерімізді көгалдандыру бағытында күзгі тал егу жұмысы жүргізілді.
Казталовтағы «Достық» саябағында аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың бастамасымен аудан ардагерлері, ұстаздар, мекемелер мен жастар күзгі тал егу жұмысына атсалысып, үлестерін қосты.
Акцияның негізгі мақсаты – ауылды көркейтіп қана қоймай, жасыл желекке айналдыру.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы