25 қазан — Республика күні қарсаңында аудан орталығы Казталов ауылында халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мекеме ұжымдары, ауыл тұрғындарының басын қосқан көпшілік жүгіру марафоны өтті.
Айтулы шараның ашылу салтанатында еліміздің гимні ойналып, марафонға қатысушыларға Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов сәттілік тіледі.
Жүгіру алдында бірқатар айтулы жарыстардың жеңімпазы, ауданымыздың атын асқақтатып жүрген желаяқ Баубек Ілиясов дене қыздыру жаттығуын жасатып, марафоншыларға ақыл-кеңесін айтты.
Марафонға қатысушылар ұзындығы 5 шақырымды құрайтын қашықтықты бағындырып, белсенділіктерін танытты. Көппен бірге жүгіріп, көзге түскендер ішінен «Ардагер спортшы», «Ең жас спортшы», «Үздік ұжым» аталымдары табыс етілді.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz