28.08.2017, 11:03
Оқылды: 45

Қазталовтықтар Ресейде өткен фестивальге қатысып қайтты

Қазталов ауданы іргелес жатқан Ресейдің Саратов губерниясы Александров-Гай ауданымен тығыз байланыста.


26 тамызда Александров-Гай ауданының құрылғанына 44 жыл толуына орай фестиваль ұйымдастырылды. Шекарада орналасқан аудандардың II-ші «Созвездие» фестиваліне Қазталов ауданының делегациясы да қатысып қайтты.

Шараға Саратов губерниясының Новоузен, Питерск аудандарының өкілдері де қатысқан болатын.

Фестиваль аясында Саратов губерниясының Александров-Гай, Новоузенск, Питерск және Қазталов аудандары арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыс туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар фестиваль төрінде аудан өнерпаздары әннен шашу шашса, спортшылар өзара бақ сынасты.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале