17.09.2025, 10:30
Оқылды: 221

Қазына қазанын инвестиция толтырады

Кешегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауда ҚР Президентінің Қасым - Жомарт Тоқаевтың екпін салып айтқан ең бір маңызды тақырыбы - экономика мәселесі. 

Ақша JP

- Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан.

Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.

Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деді Мемлекет басшысы.

Ел қазынасын молайтудың төте жолы - инвестиция тарту.

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов халықпен кездесуде мәлімдегеніндей, 2025 жылдың басынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 млрд 640 млн.теңгені құрағанын, былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 53%-ға артық орындалғанын айтты.

Аудандағы инвестиция тарту бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2025 жылы құны 6 млрд. 418 млн теңге болатын 48 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар шеңберінде 135 жаңа жұмыс орыны ашылмақ.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале