1.10.2024, 23:45
Оқылды: 6

Қазыналы қарттардың мерейі үстем болды

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиев ауданның қазыналы қарттарымен кездесті. «Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа міндет!» атты мерекелік басқосуда Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары Ержан Төлегенов қонақ болды.

461320052_1964232183988540_9005882728231141846_n

Кездесуде аудан орталығынан, ауылдық округтерден келіп қатысқан ардагерлерге құттықтау тілектер арналды. Ең алдымен сөз кезегін алған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сабыр Сәмиев ауылдардағы ардагерлер ұйымдарының мүшелері туралы, олардың атқарып жатқан жұмыстары жайында айтып, осындай кездесуді ұйымдастырған жандарға алғысын жеткізді.

461517653_1964232073988551_1826521354007806354_n

Сондай-ақ бұл мереке бір ай бойы тойланып, ауылдық жерлердегі қарттар елеусіз қалмай, жалпы ауданның барлық үлкендері қамтылатынын атап өтті.

- Еңбек ардагерлері, қазыналы қариялар! Баршаңызды Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің дамуына, ауданымыздың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз - өлшеусіз. Арамызда ақылшы, тілекші, қолдаушы болып, тамырларыңызды тереңге жайған бәйтеректей жайқалып отырсыздар. Біздер қай жерде жүрсек те сіздердің қолдауларыңызды сезінеміз. Зейнет жасында болсаңыздар да, қоғамдық өмірге белсене араласып, мол көмектеріңізді тигізіп жүрсіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз!,- деп тілек білдірген аудан басшысы ауданның өркендеуі жолында ойып тұрып орын алған ардагерлерді алғысхаттарымен марапаттады. Сондай-ақ осы шараға арнайы келген Ержан Төлегенов өзінің ақжарма тілегін арнап, бірқатар ардагерлерге БҚО ардагерлер ұйымының төрағасының атынан – Батыс Қазақстан облысының «Құрметті ардагері» төсбелгілері мен алғысхаттар табыстады. Осылайша мереке қарсаңында қарттарымыздың мерейі үстем болып, қуаныштары еселене түсті.

461817482_1964245540653871_8163184634402111683_n

Кездесуде мереке иелеріне арналып әннен шашу шашылып, ақ дастархан жайылды.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале