18.10.2022, 9:45
Оқылды: 36

Кейуана батасы

«Қариясы бар елдің қазынасы бар» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Сондай ардақты да аяулы жандардың бірі – ауылымыздың жасы үлкен кейуанасы Ұлмекен Қажығалиева 95 жасқа толды. Үлкенді сыйлау салтымен мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері әжейдің үйіне арнайы барды.

WhatsApp Image 2022-10-18 at 09.11.23

Ол бізді құшақ жая қарсы алып, өмір жолы мен бастан кешкен қиындықтары туралы айтып берді. Туған топырағының өсіп-өркендеуі мен өзі көрген елдің игі жақсылары жайлы да әсерлі әңгіме өрбітті.

– «Аналар – асыл жандар, шуақ боп шашылғандар» деген өлең жолдары өзіңіз секілді көргені мен түйгені мол, өн бойы өнеге тұнған адамдарға арналып айтылса керек. Алдағы уақытта да ел-жұртыңыздың ақылшы анасы болып, ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспіз, – деген тәлімгер Шолпан Мұхамбетәлиева үлкен кісіге ақ орамал сыйлап, сый ұсынды. Ал әжей риза көңілмен келген ұл-қыздарға ақ батасын берді.

  Оралбек Әлиев,

Пятимар орта мектебінің 10-сынып оқушысы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале