29.04.2022, 16:30
Оқылды: 40

Келелі жоба жүзеге асуда

Казталов ауданында орман шаруашылығын дамыту жəне елді мекендерді көгалдандыру мақсатында тал-теректер егу жұмыстары басталды. Осы мақсатта Казталов ауылында "Чапаев" орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесін қорғау мекемесімен бірлесе жұмыс атқарылуда.

21

Ернар Ғалымов, Казталов ауылдық округінің əкімі:

18

- Президент​ Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ел назарына ұсынғаны белгілі. Жолдау барысында Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық жағдайға баса назар аударған болатын. Аталған жолдаудың 7-ші бөлімінде ел Президенті еліміз бойынша 2 млрд ағаш отырғызу туралы баяндаған. Осыған орай аудан орталығында 5 гектар жерді жыртып, ағаш егуді қолға алдық. Казталов ауылының шыға берісі, Казталов-Жəнібек күре жолы бойынан аудан əкімі Рүстем Мүлкайұлының бастамасымен жерді қарап, тал егуді жоспарладық. Сол үшін "Чапаев" орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесін қорғау мекемесімен келісім жасап, Ақжайық ауданындағы питомниктен тал-терек алдырып, егіп жатырмыз. Қазіргі уақытта 7 мың жарым, күзде 7 мың жарым, барлығы 15 мың терек егу жоспарымызда бар. Осы жұмыстарды атқарып жатқан "Чапаев" орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Айдынғали Елеусінов бастаған азаматтарға, "ҚуанҚұрылыс" ЖШС басшысы Жұмабек Хайруллин жетекшілік ететін кəсіпорын жігіттеріне алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта терек еккен аумақты қоршайтын боламыз.

Ал енді, Казталов ауылының тұрғындарына тал еккен жерге мал түсірмей, қорғап, қолдауға шақырамын!

Айдынғали Елеусінов, "Чапаев" орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры:

17

- Биылғы жылы Казталов ауданынан терек егуге ұсыныс түсіп, біз қолдадық. Сол үшін қара терек, сексеуіл, жиде теректерінің көшеттерін əкеліп, егіп жатырмыз. Егіп жатқан аумақтың жері дұрыс таңдалған. Қара топырақты, құнарлы жер. Дұрыс баптап, күтетін болса шығып кетеді деген үміттеміз. Барынша теректер көктеп, шығып кетуге септігімізді жасайтын боламыз.

20

Ауылымыз, ауданымыз жасыл аймаққа айналса, экологиямыздың жақсарары сөзсіз.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале