10.12.2021, 19:58
Оқылды: 56

Кемер елді мекеніне таза ауыз су жетті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Теректі ауданы Шаған ауылдық округіне қарасты Кемер елді мекеніне таза су келді.

0494B63B-B886-420A-A80A-388AA7341284

Ауыз суды тасымалдап ішетін ауылдың тұрғындарына су құбырын тарту «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаралған болатын. Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған бұл құрылысқа 285 млн. теңге қаражат жұмсалған.

Мердігер «GazConstrctions» ЖШС мамыр айында бастаған жұмысын желтоқсанда аяқтады. Енді ұзындығы 7 859 метрлік су желісіне қосылған әр үйге таза су құбырмен келіп тұр.

FFEDF0B3-9149-4B69-AFC9-4E79766E1991

Нысанның іске қосылу рәсіміне арнайы келген Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев кемерліктерді Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Көптен күткен қуаныш тойында ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Бисенғали Ақберлиев құрылысты салған «GazConstrctions» ЖШС учаскелік басшысы Бекжан Райымбековке ақжарма тілегін жеткізді.

ECB47497-D8F5-4756-B0A3-FDB359C8BBE9

Су құбырын іске қосу құрметі аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев пен ауыл ақсақалы Айтқали Тапақовке берілді.

Мұнан кейін Тілек Александрұлы үйіне су кіргізген Ақбалау Ғабдолдың баспанасына барды.

92696FCA-AB38-481F-BB7A-54FF3D8067FA

— Тәуелсіздіктің тойында ауылымызға жаңа леп келгендей болды. Өте қуаныштымыз. Бұрын қысы-жазы су тасып, арба-шана сүйреп жүретін едік. Енді машақаттан құтылдық, - деп қуанышымен бөлісті.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале