16.05.2023, 3:09
Оқылды: 32

Кеңес бірлікті көздейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ қай заманда да үлкенді сыйлаған, ақсақалдардың аталы сөзіне тоқтаған. Ал ауызы дуалы қарттарымыз әрдайым елдің ұйытқысы болған. Осы орайда ақсақалдар кеңесінің жұмысын жандандыруымыз керек және жүйелі түрде жандандыруымыз қажет. Бәлкім, кеңестерді ассамблея жанына топтастыру дұрыс болар еді» деген болатын. Президенттің бұл ұсынысы қолдау тауып, бүгінде еліміздің  барлық  өңірінде  ассамблея жанынан ақсақалдар кеңесі құрылып, жұмыстарын бастап жатыр.

ақсақал

Өңірімізде аудандық және 13 ауылдық ақсақалдар кеңесі құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып Әли Бектұрғанов сайланды.

Осыған орай өткен аптада аудандық Мәдениет үйінде олыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Бекқали Бержанов ақсақалдар кеңесі және округ әкімдері, аналар кеңесі, белсенді жастар, этно-мәдени құрылымдар кездеседі.

алқасалл

Кездесуді Әли Мыңжанұлы төрағалық етіп, жүргізді. Шараның мақсаты – ақсақалдар кеңесінің ережесін, кеңестің міндеттерімен таныстыру болды.

Алғаш боп сөз алған Бекқали Бержанов ақсақалдар кеңесінің құрылуы туралы түсінік беріп, көпшілікті Президентімізді қолдауға, ел тыныштығын сақтау жолында бірлесе іс атқаруға шақырды.

WhatsApp Image 2023-05-16 at 01.04.53

Жалпы, облысымызда облыстық – 1, қалалық -1, аудандық – 12, ауылдық – 147 және 16-ы этно-мәдени бірлестік құрылған. Бұл туралы облыстық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Амангелді Даулетжанов айтып берді.

Ақсақалдар кеңесі – қоғамдық және тұрмыстық қатынастарды зерделеу, халықтың проблемалық және өзекті мәселелері бойынша тыңдау өткізу, қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша сала мамандарымен өзара іс-қимыл ұйымдастыру, тиісті органдармен бірге этникалық деңгейге өтуі мүмкін жанжалдарды шешуге атсалысу, халық арасында бірлікті нығайту мәселелері бойынша кездесулер өткізу, мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізу сынды бірқатар өкілеттіктерге ие. Айта кетейік, кеңеске жасы 60-тан асқан абыройлы ақсақалдар мен белсенді этнос өкілдері және қоғамдық пікір көшбасшылары енген.

Шара соңында аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрайымы Әтір Едігеева облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың алғыс хатымен марапатталды.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале