27.04.2023, 15:59
Оқылды: 57

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді

Бүгін аудан әкімдігінде Ескендір Елемесовтің төрағалығымен аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оған ауылдық округ әкімдері мен кеңес мүшелері қатысты. Кеңестің күн тәртібінде Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Ақоба, Борсы, Жақсыбай, Жәнібек, Күйгенкөл, Қамысты, Талов, Тау және Ұзынкөл ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу хақында аталған ауылдық округтердің әкімдері баяндама жасады.

WhatsApp Image 2023-04-27 at 16.33.29

Сонымен қатар азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев айтты. Сондай-ақ әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарында мүгедектер үшін қолжетімді ортаны құру жұмыстары, аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 9 ақпандағы №3-1 Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту, сол сияқты аудандық мәслихаттың 9 ақпандағы №3-2 аудандағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев баяндады. Одан бөлек кеңес отырысында аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Салтанат Аманғалиеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградтау ұсынылды. Салтанат Абдолғазезқызының өмірбаянымен Қоғамдық кеңестің мүшесі Меңдігүл Қуанәлиева таныстырды.

WhatsApp Image 2023-04-27 at 16.33.29 (1)

- С.Аманғалиева еңбек жолын 1980 жылы РФ, Волгоград қаласындағы «Волгоградхимстрой» басқармасында штукатур болып бастаған. Кейін М.Мәметова атындағы совхозда есепші, Орда ауданы агроөнеркәсіп бірлестігінің механикаландыру және электрлендіру кәсіпорынның бас экономисі, ұлттық банкі төлем-кассалық орталығының Сайқын бөлімшесінде бас есепші, Орда ауданы бюджет банкінің бас есепшісі, Бөкей ордасы ауданы қазынашылық бөлімінің бас есепшісі, «Қазпошта» акционерлік қоғамы Бөкей ордасы аудандық пошта байланыс торабының бастығы болып қызмет атқарды. 2000 жылдан бері БҚО бойынша қазынашылық Департаментінің Жәнібек аудандық қазынашылық басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келеді. С.Абдолғазезқызының басшылығымен облыста аудандар арасында ең бірінші болып аудандағы мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарлама әкімшілері, уәкілетті органдармен электрондық құжат айналымы бағдарламалық өнім сәтті енгізілді. Сонымен қатар аудандық қазынашылық басқармалардың қызметіне рейтінгтік бағалау қорытындысы бойынша ол басқарып отырған ұжым жыл сайын бірінші орынға ие болуда. Ауданның қоғамдық-саяси өміріне де, әлеуметтік-экономикалық дамуына да белсенді араласып келеді. Жемісті еңбегі үшін көптеген грамотамен марапатталып, 2014 жылы «Қаржы қызметінің үздігі» атағына ие болды,- деді М.Қуанәлиева.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімі берілді.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале