Теректі ауданына қарасты Покатилов ауылында Кеңес Одағының батыры Андрей Гребневтің ескерткіші бой көтерді.
Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Ауданның құрметті азаматы Ерғали Бекетов және батырдың немересі Нина Гудолина сөз алып, тарихты ұлықтаудың маңыздылығына тоқталды.
Покатилов ауылдық кітапханасының қызметкері Мәншүк Сарсекеева өлең оқып, шараның сәнін келтірді.
Ескерткіштің ашылу салтанатына жиылған қонақтар гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.
Әділет Зере,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz