Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына құрылымдық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе аудан әкімінің ауылдық округтерге жасаған жұмыс сапары барысында көтерілген мәселелерді талқылау болды. Аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне көтерілген мәселелер төңірегінде бірқатар міндетті тапсырды.
Сондай-ақ жұмыс сапары барысында жүргізілген тұрғындарды қабылдауда көтерген мәселелерге де тоқталып өтті. Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыс легі баяндалды.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы