4.03.2025, 17:56
Оқылды: 351

Кенесары жарады

Жуырда Сәтбаев қаласында өткен "Ұлытаудан қанат қаққан Тайжан" атты IV республикалық дәстүрлі әншілер байқауынан жерлесіміз, дәстүрлі әнші Кенесары Болғанбаев жүлдемен оралды.

IMG-20250302-WA0023

Байқаудың бірінші кезеңінде ол Тайжан Қалмағамбетовтың "Сақ-сақ", "Нартайдың термесі", Үкілі Ыбырайдың "Қалдырған" әндерін орындады. Ал екінші кезеңде "Жігіттер", М.Мералыұлының "Көкайдай", халық әні "Ақсұнқарды" шырқады. Сөйтіп екі кезеңнен тұрған байқаудың алғашқысынан сүрінбей өтіп, 13 үздіктің қатарына кірді.

- Бұл байқауға қатысуыма танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев пен жетекшім, белгілі әнші, термеші Қайрат Кәкімов мұрындық болғаны үшін оларға алғысымды білдіремін, – дейді Кенесары Асхатұлы.

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале