30.04.2024, 0:00
Оқылды: 48

Кеңесте ауқымды мәселелер қаралды

Жәнібек ауданының әкімдігінде аудан әкімі Т.Шиниязовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

FB_IMG_1714399443759

Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Алдымен аудан бойынша кәсіпкерлік картасының орындалу барысы мен мал бағымын ұйымдастыру шаралар туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев баяндады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытудың 2024 жылға арналған ұлттық жобасының орындалуы хақында аудандық мансап орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Тимур Хамзин айтып өтті. Одан бөлек мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің мерзімді әскерге шақыру бойынша инспекторы Армат Бекетов тоқталды. Аудан бойынша 2025-2026 жылдарға арналған су тасқынына қарсы кешенді дайындық жоспарымен аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов бөлісті.

FB_IMG_1714399440881

Жиын соңында аудан басшысы қаралған мәселелерді хаттамалық тапсырмаға енгізуді, кәсіпкерлікті дамытудың 2024-2027 жылдарға арналған өңірлік картасының іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыруды, ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерінің сақталуын қадағалауды, жеке тұрғындардың ірі қара малын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру арқылы мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізуді, кәсіпкерлікті дамытудағы ұлттық жобаның орындалуын қамтамасыз етуді, 2025-2026 жылдары аудан бойынша ауылдық округтерді су тасқынынан қорғау мақсатында кешенді жоспарға енгізілген іс-шаралар жоспарын уақтылы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале