Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінің балабақшасында – 20, ал шағын орталығында 13 бүлдіршін тәрбиеленіп, 3 тәрбиеші мен 1 әдіскер еңбек етуде. Бүгін Сырым ауданы әкімі балалардың берекелі бесігінде болып, жағдайларын білді.
Бұл балабақшаның ауылды сақтап қалуға қосып жатқан үлесі аз емес. Мәселен, Бұлан орта мектебін жыл сайын 4-5 түлек бітірсе, олардың орынына балабақшадан 13-15 бала бірінші сыныпқа барады екен. Оқушы тапшылығы осылай жылма-жыл азайып келеді.
Сәбидің күлкісімен сыланған шаттықты шаңырақ әлі күнге кеңес кезіндегі ағаш терезелермен тұр. Мектеп директоры Майра Байниязова балабақшаға жаңа пластикалық терезелер орнатылса деген ұсыныс айтады. Бізде балалар шаңырағының керегесі кең, терезесі пластик болса деп тіледік.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz