Кеше орталық спорт алаңында өткен «Кеш жарық, Теректі!» жобасы аясындағы шарада жергілікті әнші Елжас Мағзом «Туған жер» атты жеке концертін ұсынды.

Кешке жиналған теректіліктер әсем әуенге сусындап, өнерпаздар көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Самара мен Орынбордан арнайы келген қонақтар да өнерпазға жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Елжас Мағзом концерт барысында «Ауылдың баласы», «Жеңгелер», «Махаббат мәңгі ертегі», «Сүйкімдім», «Махаббат жайлы жазбас едім», «Өзіме керексің», «Ұялшақ ару» сынды танымал әндерін орындап, көрермен ықыласына бөленді. Сондай-ақ, ол әріптестерімен бірге ерекше дуэттер ұсынды: Ислам Мұратовпен «Алтыным», айтыскер ақын Әділ Ахметовпен «Сағыныш» әндерін шырқады.

Мерекелік кеште Әділ Ахметов, Райымбек Өтепов, Ислам Мұрат, Бақытгүл Қабашева қонақ ретінде өнер көрсетті. Ал, жүргізуші Арман Шыңғали тұрғындарды әр бейсенбіде өтетін концерттік бағдарламаларға шақырды.
Әсерлі шара барша көрермен бірге шырқаған «Қазақстаным» әнімен түйінделді.
Қаламқас Аманжолқызы
Теректі ауданы