29.09.2023, 16:45
Оқылды: 50

Кезектен тыс конференция өтті

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихаттың мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясы өтті.

сайлау (4)

Партияның Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына 56 делегат сайланды.

Конференцияға төрағалық еткен аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Абат Зейнуллин күн тәртібіне партиясының 2023-2027жылдарға сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының Қаратөбе ауданы бойынша көрсеткіштерінің ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутатын сайлау науқанында сайлаушылардан түскен аманаттардың орындалу барысы туралы аудан әкімінің есебін тыңдау, партияның қоғамдық бірлестігінен Қаратөбе ауданы әкімі лауазымына кандидатура ұсыну сынды екі мәселе қойды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев делегаттарға есеп берді.

– Қаратөбе ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасына Қоскөл және Жусандой ауылдық округтерінен 55 тұрғын несие алуға құжат тапсырды. Несие қаражат көлемі 372,4 млн.теңге.

Ол қаражатқа 492 бас МІҚ, 972 бас қой және өндіріске қажетті құрал-жабдықтар алу жоспарланған. Бүгінгі таңда «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ басқармасына құжат тапсырған 55 тұрғынның 22-і жалпы құны 176,2 млн теңге несиесін алды. 22 адамның құжаты 119,7 млн.теңгеге мақұлданған. 11 адамның 76,5 млн теңгеге құжаттары қаралып жатыр.

сайлау (3)

Несие қаражатын алған тұрғындар барлығы 107 бас сүтті бағыттағы «Симментал» және «Даланың  қызыл сиыры» тұқымына Ақтөбе облысының шаруашылықтарымен келісім шартын жасасып тиісті қаражатын аударды. Бүгінгі таңда карантиндік шаралары аяқталған малдар ауданға әкелінуде.

Сондай-ақ «Әдемі Мөлдір» АШӨК (18.8 млн) полуфабрикат (тұшпара) шығару құрал жабдықтарына Ресей, Қытай еліне тапсырыс берді. Несие қаражаты мақұлданған үш жеке кәсіпкер 294 бас қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын сатып алу мақсатында асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықпен келісім шарт жасады, - деді аудан әкімі.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық партияның бюро мүшесі Рамазан Зинеденұлы партия бюро отырысында партия атынан үміткер болуға келісім берген Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Бағдат Рафиғоллаұлы, аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы екі кандидатты ұсынып, өмірбаяндарын таныстырды.

Жиында конференция делегаттары партия ардагері «Адилов» БПҰ сайланған делегат Маулен Қожахметов, «Мұхит» БПҰ сайланған делегат партия белсендісі Берікжан Ғарапшиев сөз алып, ұсыныстарын айтты.

сайлау (2)

Есеп комиссиясы ашық дауыспен әр кандидатқа дауыс беруді сұрап, нәтижесінде делегаттар бір ауыздан қазіргі аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлын таңдап дауыс берді.

Конференция қаулысы қабылданып, аудандық сайлау комиссиясына тіркеуге жіберілді.

Жиынға арнайы келіп қатысқан БҚО «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нұршинов сөз алып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси реформасына сәкес аудан әкімдерінің сайлауы туралы айтып, Қаратөбе ауданы әкімі сайлауында партия атынан қатысатын кандидат Қадыржан Сүйеуғалиевке сәттілік тілеп, сайлауда жеңіске жетуіне тілек білдірді.

 

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале