Сырым ауданында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтті.
Сессия басталмас бұрын депутаттардың құрамына өзгеріс болуына байланысты аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жолдыбай Батырниязов сөз сөйлеп, Мирболат Серікұлының депутаттық корпусқа енгенін айтып, сәттілік тіледі.
Сессияға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары қатысты.
Сессияда Сырым аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы “2022-2024 жылдарға арналған он екі ауылдық округінің бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.
Сырым аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы нөмірі 1-4 “Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева хабарлама жасады.
Айжан Амангелдина,