30.11.2022, 12:45
Оқылды: 46

Кезектен тыс сессия өтті

Кеше Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс VIІ шақырылымдағы ХХІІІ сессиясы өтті.

Сессия фото (3)

Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Ляззат Есқазиева хабарлама жасады.

Хабарламашы Ляззат Ересқызы ағымдағы жылдың 22 қарашадағы №14 аудандық бюджеттік комиссия отырысының хаттамасына сәйкес  2022 жылғы аудандық бюджетті  нақтылауды ұсынды.

- Аудан бюджетінің кіріс бөлігі  – 5 136 351,6 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер  –  474 506 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 13 866 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 425 мың теңге, трансферттер түсімі – 4 639 554,6 мың теңге, оның ішінде субвенция – 3 651 511 мың теңге.

Аудан  бюджетінің шығыс бөлігі  - 5 289 096,2 мың теңге, таза бюджеттік несиелендіру– 20 699,5  мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – 74 284,5  мың теңге,бюджеттік кредиттерді өтеу –5367,5 мың теңге, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, бюджет тапшылығы (профициті) –  - 173 444,1 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 173 444,1 мың теңге, қарыздар түсімі – 68 917  мың теңге, қарыздарды өтеу – 53 585 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –158 112,1 мың теңге.

Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 35 011 мың теңгеге өсірілді. Оның ішінде салықтық түсімдер – 30 209 мың теңгеге, салықтық емес түсімдер – 2 521 мың теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 281 мың теңгеге өсірілді. Республикалық  бюджеттен бөлінген  трансферттерге 1 287 мың теңге бөлініп, 134 563 мың теңгеге кемітілді,- деді бас маман Л.Есқазиева.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Сахиповтың хабарламасы тыңдалды.

Сессия фото (1)

Сессияны қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов күн тәртібіндегі екінші мәселе коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту барысында кездесетін қиындықтар туралы әңгімелеп, мәселені жүйелі ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Кезектен тыс сессияға аудандық мәслихат хатшысы, депутат Н.Меңдешов төрағалық етті.

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале