Жуырда «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының кезектен тыс ХХХIV конференциясы өтті. Конференцияға 13 бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар, саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының 2022 жылы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының есебі және «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы және Тасқала аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2022 жылдың қаңтар-қараша аралығында атқарған жұмысы мәселелері бойынша «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева баяндама жасады. Ал аудандық маслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” атты сайлауалды бағдарламасында іске асқан және 2023 жылға жоспарланған сметалық құжаттары дайын обьектілер бойынша тоқталып өтті. Конференцияда күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралып, талқыланып, облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Шара соңында 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауында жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілік танытып, маңызды саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан жерлестеріміз марапатталды. Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаны үшін Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошановтың Алғыс хатымен жерлестеріміз марапатталды.
Болат Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz