24.04.2024, 17:05
Оқылды: 63

Кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті

Сейсенбі күні Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың қатысуымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

IMG_2023

Кеңес төрағасы Қуат Имашев төрағалық еткен жиынның күн тәртібінде аудан бойынша мал ауруына қарсы екпелер жүргізу және иесіз бұралқы ит-мысықтарды аулап ұстау бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық ветеринарлық станция МКК басшысы Талғат Есполов, аудандық мансап орталығының атқарылған жұмыстары туралы аудандық мансап орталығының директоры Асылан Уразалиев және ауданның 2023 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы жөніндегі жылдық есебін бекіту мәселелері қаралу тиіс болатын.

Алайда жоғарыда көтерілген екі мәселе бойынша мекеме басшылары белгілі себептермен қатыса алмағандықтан кейінге қалдырылды.

IMG_2018

Аудан бюджетінің ақпараты жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов баяндамасымен таныстырды. Сондай-ақ жиын барысында Алпамыс Жаңабайұлы бүгінгі күннің маңызды мәселесіне айналған тасқын суға тоқталып, өңіріміздегі хал-ахуалды баян етті.

Кезекті отырыс қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан ортаға салынған ұсыныс, пікірлермен қорытындыланды.

Айзада Жанұзаққызы,

Жаңақала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале