Биыл Жәнібек ауданы бойынша үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 жылдан 2029 жылға дейінгі» тұжырымдамасына сәйкес құрылысы жоспарланған 38 баспананың 32-сіне қаржы бөлініп, салынып, қолданысқа берілуде. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 32 баспананың екеуі өз иесін тапты.
Яғни Жәнібек ауылының орталығынан бой көтерген екі пәтерлі бір тұрғын үйдің кілті табысталды. Бұдан бұрын 15 пәтер берілген болса, жыл аяғына дейін қалған он бес баспананың кілті кезекте тұрған отбасыларға табысталатын болады.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов екі пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады. Аудан басшысы баспанаға ие болған азаматтарды құттықтап, жыл лебізін білдірді.
- Республикалық бюджет есебінен кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй сатып алу бағдарламасы аясында ауданымызда үйлер салынып бой көтергені қуанарлық жағдай. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қазақстан халқының өмір сапасының жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар беріліп, жолдаудан туындайтын міндеттер үнемі басты назарда екенін атап өтті. Біздің мақсат – аудан тұрғындарына жайлы өмір жасап, жан-жақты қолдау көрсету, - деді Жақсылық Каримоллаұлы.
Өз кезегінде баспана иесі Бәкеш Есмурзин мемлекеттік бағдарламаның ауданда жүзеге асуына ықпал еткен аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, қуанышын жасыра алмады.
Айта кету керек, қос пәтердің құрылысын ауыл тұрғыны Альберт Өтепов жүргізді. Тұрғын үйлердің екі жылға созылатын кепілдік мерзімі бар.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Фотоға түсірген автор