24.01.2023, 18:11
Оқылды: 48

«Киік мәселесі қашан шешіледі?»

Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиев аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығында ауданда кәсібін өрбітіп жүрген жеке кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аудан басшысы өткен жылы ауданда атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

IMG_5181

Сонымен қатар кездесу барысында аудан көлемінде жыл сайын көтеріліп жүрген киік мәселесі мен көршілес Ресей Федерациясынан әкелінетін мал азықтық жем жайы да сөз болды. Жәнібектік жеке кәсіпкер Ерлан Атаев наубайханасына облыс орталығынан әкелінетін жоғары сұрыпты ұнның төмен бағамен берілуін сұраса, Тау ауылдық округіндегі «Хасен» шаруа қожалығының басшысы Биболат Шагиров қазақ тілінің тілдік мәртебесін көтеру жөнінде сөз қозғады.

IMG_5189Ұзынкөл ауылдық округіндегі «Бірлік» шаруа қожалығының басшысы Арман Елемесов киік мәселесінің қашан шешілетіндігі туралы сұрақ қойды. Кездесу соңында Азамат Сафималиұлы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Лаура Серік,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале