Аудандық полиция бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 16 қаңтарда «Охотзоопром» Батыс өңірлік мекемесі инспекторларының іс-шаралары нәтижесінде Жәнібек ауданына қарасты Күйгенкөл ауылындағы қыстақтардың бірінде істен шыққан трактор кабинасының ішінен 13 (он үш) дана киік мүйізі табылып, тәркіленді.
Аталған дерекке сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы, 2-бөлігі, 5 тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz