2023 жылдың 16 қаңтар күні «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және «Охотзоопром» Батыс өңірлік мекемесі инспекторларының бірлескен іс-шаралары нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылына қарасты Бұхар қыстағында М. есімді азаматқа тиесілі қызыл түсті «ЮМЗ» маркалы трактор кабинасының ішінен 13 (он үш) дана киік мүйізі табылып, тәркіленді.
Суреттің дереккөзі: stan.kz
Аталған фактіге сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды.
«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі