13.09.2023, 12:30
Оқылды: 16

«Киіктен келер кесір көп болып тұр»

A72D5663-782C-43BA-815C-B19D07F64355
Ауданда киік мәселесі 2018 жылдан бері айтылып келе жатыр. Жыл сайын киік саны мыңдап өсіп келеді. Биыл ол екі миллионға жетті деген дерек бар. Ақбөкеннің шаруаларға тигізіп отырған зияны азаяр емес. Былтыр егін егіп бастаған екі шаруа қожалық болса, биыл қатарларына тағы бір қожалық қосылды. Егін екпейін десе, екі миллион киіктің төрт тұяғы жер таптап кеткенде шөп шықпай, мал азығын жинау қиындап бара жатыр.

Егінмен айналысқаннан кейін жақсы өнім алғың келеді. Дегенмен үш-төрт жылдан бері қайталанып келе жатқан мәлесе.

Биыл тіптен көп зардап шектік. Кемінде 12-15 центнерден алу керек жерден тек қана 4-5 центнер ғана алдық. Аз жиналды. Арзан бағаға сату мүмкін емес. Қазір шыны керек, Ресейден әкелінген арпаның келісі 70-75 теңгеден сатылып жатыр. Аз да болса, шығынды қайтарайыншы деп 80 теңгеден сатып жатырмын. Складта 80 тоннадай жиналып тұр.

Бірде-бір тоннасын сатқан жоқпын. Сұраныс болмаған соң өтпей тұр. Бір сөзбен айтқанда, киіктің санын қалай болғанда да реттеу керек. Сондай қадамға бармаса болашақта мал өсіру мүмкін болмайын деп тұр.

Бейбіт Даумов,

«Биби» шаруа қожалығының жетекшісі

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале