3.04.2024, 17:45
Оқылды: 27

Кіші Талдықұдықта жарық іске қосылды

Бүгін Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округіне қарасты Кіші Талдықұдық елді мекенінде жарық іске қосылды.

64451439-8392-49e6-bf9a-32fc2d53b858

Аталған елді мекеннің тұрғындары 8 күн бойы жарықсыз отырды. Ауылға қатынау және электр желілерін қалпына келтіруге ауа райының қолайсыздығы, жол қатынасы қиындық туғызған болатын. Аудан әкімінің тапсырмасымен күрмеулі мәселе шешімін тауып,  БҚО төтенше жағдайлар департаментінің ТРЭКОЛ техникасы жұмылдырылды.

cac570e5-cc70-4c3b-af07-20aca70a5414

— Бүгін арнайы техниканың көмегі және мамандармен Кіші Талдықұдық ауылына бардым. Ауылға бағытталған электр желілерін түгел қарап,  зақымданған жерлерді анықтадық. Мамандардың көмегімен электр желілері қалпына келтіріліп, ауылға жарық қосылды. Осы орайда қолдау көрсеткен аудан басшылығына және БҚО ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушылары Шынболат Жаманқұлов,  Әділхан Жұмағалиевке алғысымыз шексіз, -  деді округ әкімі Төлеген  Сүйіншқалиев.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале