22.10.2025, 17:30
Оқылды: 123

Кітап иісі сіңген мереке

М.Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық кітапханада 24 қазан кітапханашылар күніне орай «Кітапханашы – ізденімпаз жан, рухани қазынаның иесі» атты аудандық форум өтті.

кітапханашылар форумы (2)

Форумның мақсаты – кітапхана саласының қоғамдағы беделін арттыру, рухани мұра мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуде аянбай еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерін марапаттау, олардың еңбегіне құрмет көрсету болды. Шараға ауылдық, мектеп кітапханашылары, ардагер кітапханашылар, мекеме басшылары қатысты. Аудандық кітапхананың кітапханашысы Көркем Мамбеталиева кітапхана тынысымен таныстырды. Жас оқырмандар көрініс қойды.

кітапханашылар форумы 7

Форумның ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева құттықтау сөз сөйлеп, кітапханашылардың білім мен мәдениетті дамытудағы еңбегін жоғары бағалап, оларға марапат тапсырды.  Саналы ғұмырын кітапхана ісіне арнаған Гүлбағида Қайжан мен Күлаш Тоғызбаеваның өңіріне Қазақстан кітапханалар Одағының «Құрметті кітапханашысы» төсбелгісін тақты. Аудан әкімінің алғыс хатымен Раушан Хасанова, Ақзила Жонысова, Роза Әнесова марапатталды.

кітапханашылар форумы 8

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алғыс хатымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің инженер-систематехнигі Ақылбек Жәрдемді, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап-ғылыми кітапханасының алғыс хатымен слесарь-сантехнигі Саламат Мүтиев, аудандық кітапхана күзетшісі Нұрлан Мұхамбетқалиев, Түсенбай Құлшиқовты, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының  алғыс хатымен Құспанкөл ауылдық кітапханашысының күзетшісі Нұрғаным Зұлқарнаеваны марапаттады. М.Есламғалиұлы атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уалиахметова бірқатар кітаханашылар, мекеме, бөлім басшыларына алғыс хат табыс етті.

кітапханашылар форумы 6

Форум барысында кітапханашылар еңбегіне арналған өлеңдер оқылып, «Демалыс орталығының» әншілері Айгүл Сисенова мен Алмас Елшібековтің орындауында әсем әндер шырқалды. Ал Үлгілі «Жауқазын» би ансамблі «Қазақ биін» ұсынды. Ауданның кітапханашылары  жырдан шашу шашып, Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған «Өз елім» әнін хормен шырқады.

кітапханашылар форумы 5

Одан кейін ардагер кітапханашылар «Кітапхана жүрегінде  - ардагерлер ізі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде бас қосты.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

кітапханашылар форумы (1) кітапханашылар форумы 9 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале