23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған «Кітап шоу-2023» фестивалі аудандық мәдениет үйінде де өтті.






Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнінде «Кітап шоу» фестивалі Ұлттық кітапхананың бастамасымен дәстүрлі түрде республика көлемінде өткізіліп келеді.
Кешке Жымпиты ауылының ардагерлері, ардагер кітапханашылар қатысты.
«Зейінді оқырман» онлайн кітап оқу жарысының жеңімпаздарын, жыл қорытындысы бойынша кітапхананың үздік оқырмандарын Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уалиахметова марапаттады.
Кітап күніне арналған шарада жерлес-ақын, ҚР Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі, Сырым елінің құрметті азаматы Махмет Қажиахметов сөз сөйледі.
Жас оқырмандар үшін «Кітап оқы да, сыйлық ұтып ал» айдарымен ойын ойнатылды.
Қонақтар «Әдебиет ұлттың – ұлы қазынасы» тақырыбында викториналық кешке қатысып, облыстық «Саяхатшы кітап» жобасы аясында 2023 жылдың мерейгер кітаптарынан дайындалған «Нәрлі дастарханнан» рухани сусындады.
Шарада өнерлі оқушылар өнер көрсетіп, қонақтарды тәнті етті.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz