9.11.2021, 10:10
Оқылды: 140

Кітап – оқығандікі, білім – тоқығандікі

«Кітап – оқығандікі, білім – тоқығандікі» ұранымен Егіндібұлақта ашық аспан астындағы кітапхана шарасы ұйымдастырылды. Оны тамашалауға келген ауыл тұрғындары алдымен «Жаңа кітап – жаңа сыр» атты кітап көрмесін тамашалап, кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптармен танысуға мүмкіндік алды.

FB_IMG_1636356145311

Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Егіндібұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Данагүл Алхамованың ұйытқы болуымен оздырылған шараға ауыл балалары ерекше қызығушылық танытты. Шара ұйымдастырушылары бүлдіршіндерге түрлі кітаптарды оқуға ұсынып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы айтып берді. Ауыл тұрғындары да ашық аспан астына жайылған оқулықтарды алып, жиналған балаларға өздері оқыған кітаптар жайында да мағлұматтар берді.

FB_IMG_1636356152992

Кітапханашы Данагүл Алхамова шара барысында кішкентай оқырмандар өздерін қызықтырған шығармаларды алып, бір-біріне дауыстап оқып бергенін айтады.

-Оқушылар оқыған кітаптарының шағын бөлігінен түйген ойларын жарыса әңгімелеп беріп жатты. Ашық аспан астындағы кітапхана өз мақсатына жетті деп толық сеніммен айта аламын. Кітаптарды аса ыждағаттылықпен оқып, белсенділіктерімен көзге түскендер де болды. Алдағы уақытта балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін көптеген шаралар ұйымдастырып, кітапқа деген қызығушылықтарын күшейте берсек деген ойымыз бар,-дейді ауыл кітапханашысы Данагүл Алхамова.

FB_IMG_1636356148729

Шара соңында белсенді балаларға тәттілер үлестірілді.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале